БОЛАШАҚ МАМАНДАР ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Тау-кен металлургия колледжінің студенттері «Венталекс» ЖШС кәсіпорнына экскурсия жасады.
Экскурсия барысында кәсіпорын директоры Владимир Вдовин студенттерге кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттары мен өндірістік үдерістерінің ерекшеліктері туралы баяндап, жұмыс барысында қолданылатын жабдықтар мен техникалық құралдарды таныстырды.
Мұндай кездесулер студенттерге өндіріс орнымен жақынырақ танысуға, болашақ мамандығының қыр-сырын тереңірек түсінуге және еңбек нарығының талаптары туралы мағлұмат алуға мүмкіндік береді.
Колледж басшылығы мен студенттер ұйымдастырылған танымдық экскурсия және кәсіпорынның жұмысымен танысуға мүмкіндік жасағаны үшін Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасына және «Венталекс» ЖШС ұжымына алғыстарын білдірді.
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы білім беру ұйымдары мен бизнес өкілдері арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ болашақ білікті мамандардың кәсіби қалыптасуына қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.





