shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

XIV СЪЕЗД: КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҮНІ МЕН БИЗНЕСТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

XIV СЪЕЗД: КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҮНІ МЕН БИЗНЕСТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының делегациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиум төрағасы Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен өткен XIV съезінің жұмысына қатысты.             

Съезд жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Налибаев та қатысты.Съезд барысында делегаттар кәсіпкерлерді толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, мемлекеттік органдар өкілдеріне тікелей сауалдар қойып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.Талқылау барысында салық заңнамасы, қаржыландыруға қол жеткізу, мемлекеттік сатып алу, инвестиция тарту және отандық өндірісті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ съезд аясында Ұлттық палатаның 2025–2026 жылдардағы қызметінің қорытындылары шығарылып, Президиум мен Тексеру комиссиясының құрамына қатысты мәселелер қаралды.Съезде көтерілген мәселелердің барлығы өңірлік бизнестің өндірістік үдерістерімен тығыз байланысты. Ашық пікір алмасу кәсіпкерлердің үнін билік өкілдерінің еститінін және олардың мәселелеріне назар аударылатынын көрсетті. «Атамекен» ұлттық палатасы кәсіпкерлердің мүддесін қорғап, бизнеске сенімді тірек болатынын тағы бір мәрте дәлелдеді. 

16:30