Құрылтай депутаттарымен кездесу
24 қарашада Ұлытау облысынан «Атамекен» ҰКП XIV съезінің делегаттары Құрылтай депутаттарымен кездесті. Кездесу Алмат Отаубайұлы Жөкебаевтің бастамасымен және Алмат Жанболатұлы Әбдікешовтің қатысуымен өтті.
Кездесу барысында сайлауалды бағдарламалар, кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық пен депутаттық корпус арасындағы алдағы өзара іс-қимыл тетіктері талқыланды.Депутаттар Құрылтайға сайланғаннан бері атқарған жұмыстары туралы баяндады.Сондай-ақ сындарлы диалогты нығайтуға, шешімдер қабылдау кезінде кәсіпкерлердің пікірін ескеруге және өңірлердегі іскерлік ахуалды жақсартуға бағытталған бастамаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.






