БИЗНЕС ДАУЫСЫ: КӘСІПКЕРЛЕР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ
24 қараша күні Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлері мен Өңірлік кеңес мүшелерінен құралған делегация «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIV съезі қарсаңында өткен кеңеске қатысты.
Кездесуде кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері, бизнес саласында кездесетін түйткілдер және оларды шешу жолдары талқыланды. Мемлекеттік органдар өкілдерімен өткен ашық диалог барысында кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелерді тікелей көтеріп, түрлі салалардағы проблемалық мәселелерді ортаға салуға және тиісті мемлекеттік органдардан нақты жауап алуға мүмкіндік алды.
Кеңес қорытындысы бойынша айтылған барлық ұсыныстар мен бастамалар жинақталып, одан әрі қарау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына және тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.25 қарашада Ұлытау облысының делегациясы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIV съезіне қатысады. Съезд барысында кәсіпкерлікті дамытудың алдағы басым бағыттары мен мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланады.






