shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Бизнес және су ресурстарын тиімді пайдалану

Бизнес және су ресурстарын тиімді пайдалану

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға ұқыпты қарау кәсіпкерліктің тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осыған орай, Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтық және экологиялық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ оларды қолданыстағы талаптар мен өзекті бастамалар туралы ақпараттандыруға ерекше мән береді.

Осы бағыттағы жұмыстар аясында Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында «Нұра-Сарысу» бассейндік инспекциясының өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараға Палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Ғалымжан Сутбаев пен өңір кәсіпкерлері қатысты.Ұлытау облысы бойынша Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану бөлімінің басшысы Қайрат Байменов пен бас маман Бақытжан Тәшенов кәсіпкерлерге «Суды сақта — болашақты сақта!» тақырыбында ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында су ресурстарын ұтымды пайдалану, су ысырабын азайту, суды үнемдеу қағидаттарын сақтау және аса құнды табиғи байлық саналатын су ресурстарын қорғау қажеттілігіне баса назар аударылды. Мұндай кездесулердің кәсіпкерлік қоғамдастық үшін маңызы зор. Өйткені су ресурстарына жауапкершілікпен қарау табиғи байлықты сақтауға ғана емес, сонымен қатар бизнесті жүргізудің экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.

14:06