shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Әлеуметтік кәсіпкерлік: даму және қолдау

Әлеуметтік кәсіпкерлік: даму және қолдау

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті. Жиынға әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.Отырыс барысында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне қатысты өзекті мәселелер, заңнамада белгіленген талаптарды сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі қаралды.

Әкімдік өкілдері кәсіпкерлерге қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы жан-жақты түсіндіріп, грант қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдалану тәртібі мен тетіктері жөнінде ақпарат берді.

Күн тәртібіне сәйкес, мынадай мәселелер қаралды:Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміндегі мәліметтерді өзектендіру. Қатысушыларға тізілімдегі мәліметтерге өзгерістер енгізу, қажетті құжаттарды жаңарту және белгіленген талаптарға сәйкестікті растау тәртібі түсіндірілді.

Грант қаражатының пайдаланылуы туралы есептілікті ұсыну тәртібі. Есептілікті ұсыну мерзімдері, оны рәсімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ грант қаражатының мақсатты пайдаланылғанын растайтын құжаттар тізбесі қарастырылды.Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өзекті мәселелері. Кәсіпкерлер тізілімдегі мәліметтерді өзектендіру және грант қаражатының пайдаланылуы туралы есептілікті дайындау барысында туындайтын қиындықтарды көтерді.Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттыруға, туындаған мәселелерді уақтылы шешуге және өңірде әлеуметтік кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

14:03