shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

​Ұлытау облысының кәсіпкерлері жоғары марапаттарға ие болды

​Ұлытау облысының кәсіпкерлері жоғары марапаттарға ие болды

Ұлытау облысының әкімі Есет Берікұлы Байкеннің өңір кәсіпкерлерімен кездесуінің салтанатты бөлімінде кәсіпкерлікті дамытуға қосқан елеулі үлесі, адал еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін бірқатар кәсіпкер марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 20 қазандағы Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Макенбаева» ЖШС директоры Макенбаева Алмагүл Қалкенқызы марапатталды.

Кәсіпкерлікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Іске адалдығы үшін» медалімен «Жетіқоңыр» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы Омарова Гүлназ Шынтөреқызы марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы төрағасының Құрмет грамотасымен:

— «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ-ның өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Алексей Юрьевич Бурковский;- «Company Stroy Service» ЖШС директоры, Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Ахметов Ернар Мақпұлұлы марапатталды.

Бұл марапаттар – кәсіпкерлердің көп жылғы адал еңбегінің, кәсіби біліктілігінің және өңірдегі кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, алдағы бастамаларыңызға толағай жетістіктер тілейміз! Ұлытау өңірінің өркендеуіне қосып жүрген үлестеріңіз арта берсін!

13:28