Жол құрылысы: жергілікті өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында Құрылыс, логистика және көлік салалары бойынша Өңірлік кеңестің отырысы өтті.
Жиынның негізгі тақырыбы — «Жезқазған – Қарағанды» автомобиль жолын реконструкциялауға қатысатын мердігер ұйымдар мен жергілікті бизнестің өзара іс-қимылы мәселелері.Отырысқа автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстарына тартылған мердігер ұйымдардың өкілдері, жергілікті тауар өндірушілер, жол-құрылыс компаниялары, сондай-ақ облыстың төтенше жағдайлар басқармасы мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері қатысты.Қатысушылар өңірлік кәсіпорындарды құрылыс нысандарын қажетті тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз етуге тарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ іскерлік байланыстарды кеңейту перспективаларын талқылады.Отырыс барысында кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініштерді беру және қарау тәртібі туралы да ақпарат берілді. Бұл қатысушыларға тиісті рәсімдермен танысып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түсіндірмелер алуға мүмкіндік берді.Сонымен қатар, кәсіпкерлер облыс әкімімен алдағы кездесуде көтергісі келетін өзекті мәселелерді ортаға салды.




