Ұлттық нақыш пен заманауи дизайн: Ұлытаулық кәсіпкердің жетістігі
17 жылдық тәжірибесі бар креатор-дизайнер, «Graf» баспаханасының негізін қалаушы, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Арайлым Есембекова Түркістан қаласында өткен Turkistan Brand Craft Fair халықаралық халық қолөнері көрме-жәрмеңкесіне қатысып, жүлделі орынға ие болды.
Көрмеде ол қолдан жасалған жібек қазақ халқының бай дәстүрлері, Ұлытау облысының тарихи мұрасы, ұрпақтар сабақтастығы мен қазақтың дала аруының бейнесі көрініс тапқан. Әрбір бұйым — ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-баба мұрасын заманауи дизайн арқылы жеткізетін ерекше туынды.Халықаралық көрмеге қатысып, жүлделі орынға ие болу кәсіпкер үшін маңызды жетістік болды. Бұл жетістік авторлық брендті дамытуға және өңірдің мәдени мұрасын кеңінен танытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.Арайлым Есембекованы лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт және жаңа белестер тілейміз!


