shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

​Ұлытаудың креативті әлеуеті: шеберлер мен дизайнерлер көрмесі

​Ұлытаудың креативті әлеуеті: шеберлер мен дизайнерлер көрмесі

 Ұлытау облысында жергілікті шеберлерді, дизайнерлерді және креативті индустрия өкілдерін біріктірген креаторлар көрмесі өтті.

Көрмеге «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушылары да өз өнімдерін ұсынып, жергілікті қолөнершілер мен кәсіпкерлердің шығармашылық әлеуетін танытты.  Көрме қонақтары қолөнер бұйымдарын, ұлттық нақыштағы киім топтамаларын, күмістен жасалған әшекейлерді және бай мәдени мұраны бейнелейтін шығармашылық жұмыстарды тамашалады.Іс-шарада Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Өміртайұлы құттықтау сөз сөйлеп, көрмеге қатысушыларға Құрмет грамоталарын табыстады. Көрермендердің ерекше қызығушылығын жергілікті дизайнерлердің сән көрсетілімі тудырды. Онда «Ютария LTD» ЖШС-нің, Жансая Ғалымжанқызының және Балнұр Сламбекқызының топтамалары ұсынылды. Мұндай бастамалар мәдениет пен кәсіпкерлік арасындағы байланысты нығайтып, өңірдің креативті экономикасын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

19:27