Мұнай-газ өнімдерін өткізумен айналысатын кәсіпкерлерге арналған жаңа талаптар
2026 жылы Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік және газбен жабдықтау саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енді.
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерге арналған түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара барысында Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жаңа талаптар мен қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.Тұрмыстық газ баллондарын автомобильдік газ құю станцияларында (АГҚС) толтыруға тыйым салынады. Оларды тек арнайы газ толтыру станциялары мен пункттерінде толтыруға рұқсат етіледі.Газ баллондарының қызмет ету мерзімі 20 жылдан аспауға тиіс. Оларды таңбалау және цифрлық есепке алу талаптары енгізілді. Автомобильдік газ құю станцияларына қойылатын талаптар күшейтілді. Қолданыстағы станциялар 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін заңнама талаптарына сәйкестендірілуі қажет. Талаптар орындалмаған жағдайда, олардың қызметі тоқтатылуы мүмкін.Қауіпсіздік талаптарын сақтау — апаттардың алдын алудың және адам өмірін қорғаудың маңызды шарты.






