shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Әлеуметтік кәсіпкерлер балалар мен олардың отбасыларын қолдау жолдарын ұсынды

Әлеуметтік кәсіпкерлер балалар мен олардың отбасыларын қолдау жолдарын ұсынды

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында Әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті. Кездесуде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың өзекті мәселелері, қажетті қызметтердің қолжетімділігі және әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру жолдары қарастырылды.

Отырыс барысында әлеуметтік кәсіпкерлер өз қызметтерінің негізгі бағыттарын таныстырып, балаларға көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат берді және ерекше қолдауды қажет ететін балалармен жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісті.Қатысушылар балаларды тәрбиелеу мен оқыту барысында ата-аналар кездесетін қиындықтарға, отбасылардың қажеттіліктеріне және оларға көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.Сонымен қатар әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдері балалар мен олардың ата-аналарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Талқылаудың негізгі мақсаты – бейінді қызметтердің қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына қолайлы орта қалыптастыру.

09:30