shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

МӘМС жүйесі мен тегін дәрі-дәрмекке қолжетімділік мәселелері талқыланды

МӘМС жүйесі мен тегін дәрі-дәрмекке қолжетімділік мәселелері талқыланды

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында  медицина саласы бойынша салалық кеңестің отырысы өтті. Жиынға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  Ұлытау облысы бойынша филиалының өкілі Қымбат Еламанова, медициналық ұйымдардың өкілдері және салалық кеңес мүшелері қатысты.

Отырыста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі жарналарды төлеу тәртібі және азаматтардың сақтандырылған мәртебесін тексеру жолдары талқыланды.Мемлекет есебінен МӘМС жарналары төленетін азаматтардың 14 санатына ерекше назар аударылды.Қатысушыларға сақтандырылған мәртебені тексеру және медициналық сақтандыру бойынша кеңес алу жолдары түсіндірілді. Азаматтар 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, сондай-ақ Qoldau 24/7 қолдау қызметіне жүгіне алады.Сонымен қатар қажетті дәрілік препараттардың болмауы, оларды пациенттерге берудің кешіктірілуі және халықтың тегін дәрі-дәрмек алу тәртібі туралы ақпараттандырылуы мәселелері қарастырылды.

09:12