ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА ӨҢІРДЕГІ КОЛЛЕДЖДЕР
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында өңірдегі колледждер мен жұмыс берушілердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында кадрлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарының кәсіпорындармен және бизнеспен одан әрі өзара іс-қимыл жасау мәселелері қаралды.Кадр даярлаудың тиімді тетіктерінің бірі болып табылатын дуальды оқытуға ерекше назар аударылды.Сонымен қатар өндірістік практиканы ұйымдастыру, студенттерді кәсіпорындарға бекіту және жас мамандардың өндірістегі бейімделуінің маңызды тетігі болып табылатын тәлімгерлік мәселелері талқыланды.Колледж өкілдері мен жұмыс берушілер одан әрі ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша колледждер, Палата, өңір кәсіпорындары және жергілікті бизнес өкілдері арасында ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қойылды.





