shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Ұлытау Кәсіпкерлер палатасында бизнес құқығын қорғау кеңесі өтті

Ұлытау Кәсіпкерлер палатасында бизнес құқығын қорғау кеңесі өтті

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде қоғамдық тамақтану орындарында кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды.

Мәселені қарауға қоғамдық тамақтану саласында кәмелетке толмағандарды жұмысқа тарту мүмкіндігіне қатысты кәсіпкерлердің өтініштері себеп болды. Отырыс барысында қатысушылар 18 жасқа толмаған азаматтарды жұмысқа қабылдау кезінде еңбек заңнамасы талаптарының сақталу мәселелерін талқылады. Кәсіпкерлер кафелер мен мейрамханаларда жұмыс күшінің жетіспеушілігіне байланысты бизнестің зардап шегіп, кірістің төмендеп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар кәсіпкерлерге кәмелетке толмағандардың еңбек жағдайларына, жұмыс уақытының ұзақтығына және олардың атқара алатын жұмыс түрлеріне қойылатын талаптар түсіндірілді.

Отырыс барысында кәмелетке толмағандарға қатысты заңнамада белгіленген жұмыс уақыты бойынша шектеулерді ескеру немесе кешкі уақытта 18 жасқа толған басқа қызметкерлерді жұмысқа тарту ұсынылды. Отырыс қорытындысы бойынша Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлер арасында кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру кезінде заңнама талаптарының сақталуы бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды.

Сондай-ақ кафе, мейрамхана және кофехана иелеріне кәмелетке толған жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында Еңбек мобильділігі орталығына жүгіну ұсынылды.

20:01