shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Ұлытауда кәсіпкерлерге арналған «Бірыңғай есеп беру күні» өтті

Ұлытауда кәсіпкерлерге арналған «Бірыңғай есеп беру күні» өтті

24 қыркүйек күні Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында бақылау-қадағалау органдарының кәсіпкерлер алдындағы «Бірыңғай есеп беру күні» өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдар арасында тиімді диалог орнату, кәсіпкерлерді қолдау және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Кездесу барысында бизнес өкілдері алдында Ұлытау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының, облыс прокуратурасының, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің, сондай-ақ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің өкілдері сөз сөйледі. Кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер алды. Мұндай кездесулер мемлекет пен бизнес арасында сындарлы диалог орнатуға және кәсіпкерлердің мәселелеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

19:59