shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

​ПИК ЮТАРИЯ LTD» ЖШС ӨНДІРІС ОРНЫНДА ТӘЛІМГЕРЛІК БОЙЫНША ОҚЫТУ ӨТТІ

​ПИК ЮТАРИЯ LTD» ЖШС ӨНДІРІС ОРНЫНДА ТӘЛІМГЕРЛІК БОЙЫНША ОҚЫТУ ӨТТІ

ПИК Ютария LTD» ЖШС өндіріс орнында тәлімгерлік бойынша оқыту өтті. «ПИК Ютария LTD» ЖШС базасында өндірістік кәсіпорындардың — Жөндеу-монтаждау мамандандырылған басқармасы (ЖМСБ), Жезқазған мыс балқыту зауыты (ЖМЗ) және «ПИК Ютария LTD» ЖШС қызметкерлеріне арналған тәлімгерлік бойынша оқыту өтті. Оқытуға 28 қызметкер қатысты. Олардың қатарында тәлімгерлік міндет атқаратын және алдағы уақытта тәлімгер болуды жоспарлап отырған мамандар бар.

Оқытуды Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, тренер-мультипликатор Маржан Жауен жүргізді.

Кездесу барысында тәлімгердің жас және тәжірибесі аз мамандарды өндіріске бейімдеудегі рөлі талқыланды. Кәсіби білім мен дағдыларды беру, жас мамандарды жұмыс барысында сүйемелдеу және олардың еңбек ұжымына сәтті бейімделуіне жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қатысушыларға дуальды оқытудың артықшылықтары түсіндірілді. Бұл оқыту түрі теориялық білімді өндірістегі практикалық дайындықпен ұштастыруға мүмкіндік береді. Өндірістегі тәлімгердің рөлі маңызды. Ол жас маманға еңбек ұжымына бейімделуге, жұмыстың ерекшелігін меңгеруге, қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға және біртіндеп білікті әрі дербес маман болуына көмектеседі. Мұндай оқыту жұмыстары тәлімгерлік институтын дамытуға және кәсіпорындар мен жас мамандар арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.

19:58