ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ҰЛЫТАУ АУДАНЫНДА КӨШПЕЛІ ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы Ұлытау ауданында көшпелі жұмыс кездесуін өткізді. Сапар аясында Палата директоры Гүлмира Каженова Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабековпен, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.
Кездесу кәсіпкерлермен, фермерлермен, балық шаруашылығы өкілдерімен және әйел кәсіпкерлермен ашық пікір алмасу алаңына айналды.
Кездесу барысында бизнес өкілдері бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, субсидия алу, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға және ірі қара мал сатып алуға берілетін субсидиялар, кредитке қолжетімділік, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жұмыстарын қаржыландыру мәселелері айтылды. Кәсіпкерлер шаруашылықтарды жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуге, жем-шөп сатып алу шарттарына, сондай-ақ көпжылдық шөптерді егу жұмыстарын қаржыландыруға қатысты мәселелерге де ерекше назар аударды. Жұмыс сапары аясында аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандары мен кәсіпорындарға бару да ұйымдастырылды.


