shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

​ҰЛЫТАУ «КЕЙТЕРИНГ» КУРСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ

​ҰЛЫТАУ «КЕЙТЕРИНГ» КУРСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ

Ұлытау облысында «Кәсіпкер әйел» бағдарламасы аясында Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған жаңа «Кейтеринг» курсы бойынша оқыту басталды.

Курс өз ісін бастауды жоспарлап отырған немесе қоғамдық тамақтану және іс-шараларды ұйымдастыру саласында жұмыс істеп жүрген кәсібін кеңейткісі келетін әйелдердің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс коучы – «Safi» кофеханалар желісінің негізін қалаушы Роза Рымбаева. Оқу барысында қатысушылар кейтеринг негіздерін, тағамдарды эстетикалық түрде ұсыну ережелерін, фуршет үстелін ұйымдастыру ерекшеліктерін меңгеріп, сондай-ақ кірістер мен шығыстарды есептеуді үйренеді. Қызмет құнын дұрыс қалыптастыруға және шығындарды жоспарлауға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл – бизнесті табысты жүргізудің маңызды құрамдас бөлігі.

19:46