"ДАРАБОЗДЫҢ" ДҮБІРЛІ ДОДАСЫ
Өткен жылы Сәтбаев қаласында жастар арасында «Дарабоз» зияткерлік ойыны алғаш рет өткізілген еді. Биылойын аймақтық деңгейде өткізілді.
— Өйткені, жастар арасында ойынға деген зор қызығушылықбайқалды. Сондықтан да, Жезқазған қаласаы мен Ұлытау ауданының жастары да биылбілім сайысында бақтарын сынады — дейді ойынды ұйымдастырушы әрі жүргізуші АбайОраз.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі аясында,«Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылған «Дарабоз» жобасына қатысуға 30-ға тарта өтініш түсіп, соның 20-ға жуығыойын алаңында білімдерін сынасты.
Биылғы «Дарабоз» ұлтымыздың ұлы перзенттеріҚаныш Сәтбаев, Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев және Тәуелсіздік тарихынақатысты тақырыптарды қамтыды.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші,баппен бақ таласқа түскен білім сайысында қарсыластарынан озық шығып, мәрегежеткен жеңімпаздарды марапаттау сәрсенбіде қалалық әкімдікте өткізілді.
Марапаттау салтанаты қала әкімі А. А. Ыдырысовтыңқұттықтау лебізімен басталды. Ол өз өзінде елдің тарихы, ұлттық этнографиясы және т.б. безбенге түсетін білімбәйгесінің жастар арасындағы танымдылығының арта түскеніне айрықша тоқталыпөтті. «Бұл бізді қуантады»деді Асқар Абылайұлы.
Жобаға қатысушыларды қолдау, демеу жағынан қала кәсіпкерлерінің тысқалмағаны да сүйінішті-ақ. Еліміздің түкпір-түкпірінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бастау алған «Игі істермарафоны» ұлттық акциясының аясында қалалық Меценаттар клубы жобаға қолдаубілдіріп, өздерінің сый -сипаттарын белгілеген еді. Белгілі мецанат, қаладағыкөптеген қайырымдылық шараларының басы-қасынан табылатын кәсіпкер Меруерт Бақбергенова өз сыйлықтарын жобағақатысқан Гүлжанат Сәрсенова, Салтанат Мақсұтқызы, Перизат Оразбековаларғатабыстады.
«Көрермен көзайымы» номинациясын сәтбаевтық Темірлан Мұқанов, «Ең жылдам ойыншы»номинациясын ұлытаулық Әлия Тиштаева, «Еңұшқыр ойыншы» номинациясын жезқазғандық Әділет Әбілжанов иеленді.
Сайыс қорытындысында Нұрғиса Құлашева — үшінші, Еркеназ Шоқан — екінші орындарды жеңіп алса, бәйгенің бірінші орыныБотакөз Мұхиденге бұйырды. Жезқазған қаласындағы №24 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнініңмұғалімі болып жұмыс істейтін Ботакөз аймаққа ғана емес, республикаға танымалжас ақын. Ол республикалық ақындарайтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. Қазір негізгі жұмысына қоса Сәтбаевқаласындағы Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығының«Айтыс» үйірмесіне де жетекшілік етеді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Қазақтың білімді жастарын «Дарабоздың» жаңа бәйгесінде күтеміз!