shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

​СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНДА «КӘСІПКЕР ӘЙЕЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БУХГАЛТЕРИЯ НӨЛДЕН» КУРСЫ БОЙЫНША ОҚУ АЯҚТАЛДЫ

​СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНДА «КӘСІПКЕР ӘЙЕЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БУХГАЛТЕРИЯ НӨЛДЕН» КУРСЫ БОЙЫНША ОҚУ АЯҚТАЛДЫ

Оқу барысында қатысушылар бухгалтерлік есеп, 1С: Бухгалтерия бағдарламасымен жұмыс істеу, салықтық есеп жүргізу, декларацияларды дайындау және тапсыру тәртібі, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істеу бағыттары бойынша білім алды. Курс түлектерін оқуын сәтті аяқтауымен Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушының орынбасары Балқыбай Төленді және Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гульмира Каженова құттықтады.Олар қатысушыларды оқуын сәтті аяқтауымен құттықтап, жұмыстарына табыс, кәсіби өсу және бизнестерін одан әрі дамытуға сәттілік тіледі. Курс түлектері алған білімдерін өз бизнесін жүргізу барысында қолданатынын атап өтіп, ұйымдастырушыларға білімді тегін алуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.

16:38