shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Өңірде туризмді дамыту

Өңірде туризмді дамыту

«Атамекен» ҰКП Президиумы жанындағы Туризм комитетімен бірлесіп, Туризм салалық кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – «Ұлытау» МҰТП инфрақұрылымын дамытудың бекітілген бас жоспарының болмауы.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, қолданыстағы бас жоспарда туризм мен демалысты дамытуға арналған аймақтар әзірге қарастырылмаған. Қазіргі уақытта «Ұлытау» МҰТП-да экотуризмді дамыту тұжырымдамасы әзірленуде. Тұжырымдама келісілгеннен кейін бас жоспар соған сәйкес жаңартылады. Жаңа құжатты 2027 жылға дейін бекіту жоспарланып отыр.Отырысқа қатысушылар туризм инфрақұрылымын дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру және демалыс пен туризмге арналған жаңа нысандар құру үшін өзекті бас жоспардың маңыздылығын атап өтті.Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ҰКП және мемлекеттік органдармен бірлесіп, туристік бизнес өкілдерінің проблемалық мәселелерін шешу бағытындағы жұмысты жалғастырады.

16:20