shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА – «VOYAGE» ҚОНАҚ ҮЙІ АШЫЛДЫ

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА – «VOYAGE» ҚОНАҚ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Ұлытау облысында жаңа инвестициялық жоба – «Voyage» қонақ үйі ашылды. Жобаның негізін қалаушылар: жергілікті кәсіпкер Олег Ярмак және түркиялық инвестор Ахмет Север.Қонақ үйде стандарт, жартылай люкс және люкс санатындағы 40 нөмір бар. ️

Салтанатты iс-шараға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаев, Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Каженова, сондай-ақ өңірдегі банк және қаржы институттарының басшылары қатысты.Креативті индустрияны қолдауға да ерекше назар аударылған. Қонақ үйде «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың сувенирлік өнімдері ұсынылады. Бұл жергілікті өндірушілерге өз өнімдерін өңір қонақтарына таныстырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді. ️

Инвестициялық жобаның іске асырылуы туристік инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Ұлытау облысының туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етіп, өңірдің туристік және экономикалық әлеуетін нығайтады.

16:18