ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР. Жалау жиырманшы рет желбіреді
Мемлекет және қоғам қайраткері, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау ауданының Құрметті азаматыМұхамбет Жұманазарұлы Көпеевтің жүлдесі үшін шахмат турнирін өткізу Сәтбаевқаласында дәстүрге айналған. Бүгін аталмыш турнирдің жиырманшы мәрте жалауыжелбіреді.
Қалыптасқан жағдайға байланыстытурнир бұл жолы онлайн түрінде өтетін болды. Және бір атап айтарлығы биыл турнир алғаш рет облыстық деңгейге көтерілді.
Турнирдің Сәтбаев қаласыәкімдігінің шағын мәжіліс залында өткен салтанатты ашылуына қала басшылары,қоғамдық ұйымдардың өкілдері, спорт жанашырлары қатысты.
Салтанатты құттықтау сөзінде қала әкімі Асқар Абылайұлы Ыдырысов жиырмабір жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан турнирдің көптеген жасшахматшыларға зор ықпал тигізгенін атап өтті. "Өткен жылы пандемия салдарынан турнирдің өтпей қалғаны өкінішті болды. Сондықтан биыл онлайн форматта өткізуді ұйғардық" деді ол. Сөз соңында қала әкімі мерейтойлық турнирдің естелігі ретіндежергілікті суретшінің арнайы тапсырыспен салған Мұхамбет Жұманазарұлыныңпорттерін ол кісінің өзіне сыйға тартты.
М.Ж.Көпеев турнирдің қалай басталғаны, даму жолдарыжөнінде қысқаша әңгімелеп берді.
-Бұл кезіндегі қала әкімі, марқұм ҚанатСұлтанғазыұлы Балмағамбетовтің бастамасы болды. Алғашында «Соның керегі қанша?» деп ойлағам. Өйткені, шынымды айтқанда,екі-үш жыл өткен соң тоқтап қалатындай көрінген. "Қазіргідей замандашахматқа қызығушылық жасөспірімдер арасында бола қояр ма екен?" дейтінкүдік, күмән болған еді. Жоқ, олай емес екен. Алғашында мектепаралық турнирретінде қалалық деңгейде өткізілсе, енді міне, облыс көлемін қамти бастапты.Сондықтан, турнирді ұйымдастырушыларға көп роахмет. Осыған бастамашы бола білгенмарқұм Қанат бауырымның жатқан жері жайлы болсын! Кейін қаланы басқарған ӘнуарОмар ініме, енді, қазіргі басшы Асқар Абылайұлына ағалық алғысымды арнаймын.Осы азаматтардың айналасында жүрген басқа да қыз -жігіттерге дегенризашылығым шексіз — деген МұхамбетЖұманазарұлы жүрекжарды лебізін арнап, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шахмат турнирінің 20 жылдығына орай М.Ж.Көпеев шахмат спортының дамуына қосқанүлестері үшін бір топ азаматтарға мерейтойлық медальтабыстады. Олардың арасында ЫдырысовАсқар Абылайұлы, Хмилярчук Татьяна Ивановна, Мәдиева Марал Сағынайқызы, АсатовЯхия Жақыпбекұлы, Күнеділов Жақия Асанғазыұлы, Төлендина Айгүл Қосманқызы,Даумбаев Зухраб Жұмабекұлы, Дастанов Абдолла Нұртауұлы, Жаппасбаева МайраСмағұлқызы, Тайшыбекова Ания Каримқызы болды. Мерейтойлық медаль және Алғысхат сондай -ақ, турнирдің дүниегекелуіне бастамашы болған Қанат Балмағамбетовтің отбасына табыс етілді. Қаладағышахмат ойынының дамуына зор үлес қосқан және турнирдің тұрақты төрешілері болып жүрген Молдағалиев Әзірбек Молдағалиұлы, Князюк Владимир Олегович, КамаеваТатьяна Степановнаға мерейтойлық медальға қоса арнайы сыйлықтар берілді.
Бұдан соң турнирсалтанатты жағдайда ашылып, ойыншылар жарысы басталып кетті.