shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

"Рудсервис" алаңында отандық өндірушілердің мәселелері талқыланды

"Рудсервис" алаңында отандық өндірушілердің мәселелері талқыланды

Қазақстан машина жасаушылар одағының өкілдері арнайы мақсаттағы машиналар мен жабдықтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі — «Рудсервис» ЖШС-не жұмыс сапарымен барды.


Сапардың басты мақсаты — өңірдегі отандық өндірістің ағымдағы жағдайымен танысу және машина жасау саласын әрі қарай дамыту мәселелерін талқылау.Жұмыс сапары барысында Одақ өкілдері зауыттың негізгі өндірістік қуаттарын аралап көрді. Бүгінгі таңда «Рудсервис» ЖШС компрессорлық қондырғыларға сервистік қызмет көрсету, оларды күрделі жөндеу, модернизациялау және өндіріс орындарын сығылған ауамен үздіксіз қамтамасыз ету бағытында сәтті жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын өндірісті әртараптандыру мен инновацияларды енгізуге ерекше көңіл бөлуде. Атап айтқанда, компания өз серіктестерімен бірлесе отырып, мамандандырылған қорғаныс контейнерлері негізінде блокты-модульдік компрессорлық станциялардың өндірісін іске қосты.

Бұдан бөлек, «Рудсервис» ЖШС тау-кен өндірісі секторының қажеттіліктері үшін бұрғылау коронкаларын қайрау бойынша жоғары технологиялық мамандандырылған қызметтер көрсетеді.Жоғары сапалы қызмет пен сенімділіктің арқасында кәсіпорын отандық және халықаралық деңгейдегі алыптармен серіктестік орнатқан. Компанияның басты клиенттері мен стратегиялық серіктестерінің қатарында еліміздің ірі жер қойнауын пайдаланушысы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және индустриалды жабдықтар әлемдік көшбасшы «Atlas Copco» компаниясы бар. Сапар соңында тараптар отандық машина жасаушылардың рөлін арттыру, жергілікті қамту үлесін ұлғайту және өңірдегі өндірістік кооперацияны тереңдету мүмкіндіктерін талқылады.

08:42