Қазақстан машина жасаушылар одағының өкілдері тау-кен шахталық жабдықтар зауытына жұмыс сапарымен ба
Қазақстан машина жасаушылар одағының өкілдері тау-кен шахталық жабдықтар зауытына жұмыс сапарымен барды.
Қазақстан машина жасаушылар одағының өкілдері «Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС-нің тау-кен шахтасы жабдықтары зауытына барып, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты және өзекті жұмыс мәселелерін талқылады.Жұмыс сапары барысында Одақ өкілдері кәсіпорынның өндірістік цехтарын аралап, технологиялық процестермен және зауыттың жұмысымен танысты.««Қазақмыс» тобының еншілес кәсіпорны «Kazakhmys Maintenance Services» тау-кен жабдықтарын жөндеумен айналысады. Компания 2013 жылы құрылған. Тау-кен шахтасы жабдықтары зауыты жерасты жабдықтарын күрделі жөндеуге, сондай-ақ бөлшектерді дайындау мен қалпына келтіруге маманданған. Кәсіпорын «Қазақмыс» корпорациясының өндірістік процестеріне тартылған арнайы техникаларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізеді.Сапар барысында отандық машина жасау саласын дамыту, әрі қарайғы ынтымақтастық және отандық өндірушілердің рөлін арттыру мәселелері талқыланды.Жұмыс сапары Қазақстан машина жасаушылар одағының өкілдеріне кәсіпорынның өндірістік әлеуетімен жақынырақ танысуға және машина жасау саласы мен отандық өндірісті әрі қарай дамыту үшін өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.




