«Қазтехфильтр»: отандық өндіріс әлеуеті
Қазақстан машина жасаушылар одағының өкілдері отандық сүзгілер шығаратын «Қазтехфильтр» зауытына жұмыс сапарымен барып, кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктері мен жұмысымен танысты.
Сапар барысында қонақтар өндірістік цехтарды аралап, машина жасау саласына арналған ауа сүзгілерін өндіру үдерісімен танысты. Кәсіпорын директоры Ғалым Қарабаев шығарылатын өнімнің сапа стандарттарына сәйкес келетінін және тәжірибелік сынақтардан сәтті өткенін атап өтті.Кездесу барысында отандық өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейту, ірі кәсіпорындармен ынтымақтастықты дамыту және отандық қамту үлесін арттыру мәселелері талқыланды.Кәсіпорынды аралауға Қазақстан машина жасаушылар одағы атқарушы дирекциясының директоры Талғат Базарбеков, Қазақстан машина жасаушылар одағы атқарушы дирекциясы директорының орынбасары Махамбет Мендіғалиев және Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Маржан Жауен қатысты.Қазақстан машина жасаушылар одағының өкілдері кәсіпорын тарапынан көтерілген проблемалық мәселелерді тыңдап, отандық өндірушілердің өзекті мәселелерін шешу бағытында «Атамекен» ҰКП-мен және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттық корпусымен тығыз жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.



