shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Әйел кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік: «Бухгалтерияны нөлден бастау» курсы басталды

Әйел кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік: «Бухгалтерияны нөлден бастау» курсы басталды

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында «Кәсіпкер әйел» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Бухгалтерияны нөлден бастау» атты жаңа білім беру курсы басталды. Оқыту Кәсіпкерлер палатасының бастамасы және Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауы арқасында жүзеге асуда.

Жаңа курс әйелдердің қаржылық және кәсіпкерлік сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ бухгалтерлік есеп саласында базалық білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған.
Курстың спикері – Айгерім Рахимова. Ол тыңдаушыларды бухгалтерлік есеп жүргізудің негізгі қағидаттарымен және бухгалтер жұмысының практикалық қырларымен таныстырады.
Оқыту барысында бухгалтерлік есептің негіздері, калькуляция жасау, салық салу мәселелері, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті, жеке кәсіпкерлікті және өзін-өзі жұмыспен қамту қызметін құру мен жүргізудің құқықтық негіздері қарастырылады.

08:32