shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Бизнестің құқықтары мен отандық өнімдерді қолдау мәселелері қаралды

Бизнестің құқықтары мен отандық өнімдерді қолдау мәселелері қаралды

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында ШОБ жөніндегі салалық кеңес пен Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бірлескен отырысы өтті. Отырысқа Ұлытау облысының Кәсіпкерлік басқармасының, «Damu» қорының және «Ұлытау» ӘКК» АҚ өкілдері қатысты.

Отырыста сауда саласындағы заңнама талаптарын сақтау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және отандық өнімдердің сауда сөрелеріне кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Отырыс аясында сауда желілері мен сауда нысандарының өкілдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Талқылауға базарлар мен супермаркеттердің өкілдері, сондай-ақ ШОБ жөніндегі салалық кеңестің мүшелері қатысты.Сауда нысандарында қазақстандық өнімдердің ұсынылуы мен орналастырылуы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Отандық тауарлар заңнама талаптары мен белгіленген нормативтерге сәйкес орналастырылуы тиіс екені атап өтілді. Мұндай тәсіл тұтынушылар үшін қазақстандық өнімдердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, жергілікті өндірушілерді қолдауға және шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді.Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Жасұлан Дәулетбаев кездесу қатысушыларын тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы сақтау шаралары, сондай-ақ сатылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптар туралы хабардар етті.Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Ғалымжан Сүтбаев отырысқа қатысушыларға Палата қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, қолдау бағдарламалары мен тетіктеріне, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне жан-жақты тоқталды.Бизнесті мемлекеттік қаржылай қолдау шаралары туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Ұлытау облысы бойынша филиалының директоры Арман Менжесаров айтып берді. Ол Қор жүзеге асырып отырған қолдау құралдары мен өңір кәсіпкерлері өз бизнестерін дамыту және кеңейту үшін пайдалана алатын мүмкіндіктерді таныстырды.Отырыс барысында кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдері сауда нысандарында өнімдерді өткізу және орналастыруға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, кеңес барысында азық-түлік өнімдерін төмендетілген бағамен сататын әлеуметтік павильондар ашу туралы ұсыныстар айтылды. Бұл халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кәсіпкерлер өңірде, әсіресе, кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін, шағын және орта бизнесті қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.Осындай кездесулерді өткізу мемлекеттік органдар, бизнес және кәсіпкерлікті қолдау ұйымдары арасында тікелей диалог орнатуға, заңнама талаптарын уақтылы түсіндіруге және кәсіпкерлікті дамыту мен қазақстандық өнімдерді ішкі нарықта ілгерілетуге ықпал ететін өзекті мәселелердің шешімдерін бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік береді.

14:16