shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасында Іскерлік әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді

Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасында Іскерлік әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді

Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлеріне Іскерлік әдеп кодексінің нормалары түсіндірілді Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасында ұйым қызметкерлерінің күнделікті жұмысында қолданылатын Іскерлік әдеп және әдепті мінез-құлық кодексінің ережелеріне арналған түсіндіру іс-шарасы өтті.

Түсіндірме жұмыстарын Әдеп жөніндегі уәкіл, Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының Салалық даму бөлімінің басшысы Кәмшат Күнеділова жүргізді. Кездесу барысында «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және ҰКП қатысуымен құрылған ұйымдардың қызметіндегі әдеп стандарттарын реттейтін Кодекстің негізгі принциптері мен талаптары егжей-тегжейлі қаралды. Әріптестермен, кәсіпкерлермен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қызметтік әдеп нормаларын сақтау, адалдық, шынайылық, ашықтық, өзара құрмет және кәсіби жауапкершілік қағидаттарына ерекше назар аударылды.

Іскерлік әдеп кодексі жоғары корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға, басқару тиімділігін арттыруға және «Атамекен» ҰКП жүйесіне деген сенімді нығайтуға бағытталған маңызды ішкі құжат екені атап өтілді. Кездесу соңында Палата қызметкерлері мен филиал директорларына өздерінің күнделікті қызметінде Іскерлік әдеп кодексінің ережелерін бұлжытпай сақтау қажеттілігі ескертілді. Өйткені бірыңғай әдеп қағидаттарына адалдық — кәсіби мәдениеттің және ұйымның тиімді жұмысының ажырамас бөлігі, болып табылады.

14:36