«Кәсіпкер әйел» жобасы: AI және SMM бойынша жаңа мамандар даярланды
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында «Жасанды интеллектпен SMM» курсының тыңдаушыларына сертификаттар табысталды
«Кәсіпкер әйел» бағдарламасын іске асыру аясында Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында «Жасанды интеллектпен SMM» курсын аяқтаған тыңдаушыларға сертификаттар салтанатты түрде табысталды.Оқу бағдарламасының спикері – бизнес-коуч Гүлнара Загирова. Курс барысында қатысушылар әлеуметтік желілерді жүргізудің негізгі қағидаларын меңгеріп, фото және бейне контент әзірлеуді, бейнероликтерді түсіру мен монтаждауды үйренді.
Бағдарлама аясында SMM саласында жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдануға ерекше көңіл бөлінді. Тыңдаушылар контент дайындауды жеңілдететін, жұмыс үдерістерін автоматтандыратын және әлеуметтік желілердегі ілгерілету тиімділігін арттыратын заманауи AI құралдарын пайдалануды меңгерді. Сертификаттарды табыстаған Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Маржан Жауен қатысушыларды курсты сәтті аяқтауларымен құттықтап, бүгінде жасанды интеллект бойынша білім жалпы цифрландыру дәуірінің маңызды құрамдас бөлігіне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл білім кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашып, бизнесті тиімді дамытуға жол ашады.
