Медицина саласын цифрландыру және жаңа біліктілік талаптары талқыланды
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында денсаулық сақтау саласына арналған Салалық кеңестің отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, медициналық ұйымдардың басшылары және денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын кәсіпкерлер қатысты.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлмира Бекзатова және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы РМК Ұлытау облысы бойынша филиалының басшысы Жансая Амангелдина қатысты.
Кеңес отырысының негізгі тақырыбы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енген медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына енгізілген өзгерістер болды.

Спикерлер заңнамадағы жаңашылдықтарды, оларды қолдану тәртібін жан-жақты түсіндіріп, медициналық ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.Сонымен қатар, отырыста СУР 2.0 ақпараттық жүйесіне қосылу мәселелері кеңінен қаралды. Қатысушыларға жүйеге қосылу тәртібі, оны пайдалану талаптары және цифрлық платформамен жұмыс істеудің практикалық аспектілері түсіндірілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар лицензиялау, біліктілік талаптарын сақтау және денсаулық сақтау саласын цифрландыруға қатысты өзекті мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірмелер алды.


