Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – кәсіпкерліктің маңызды қағидаты
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерге арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, адал кәсіпкерлік қағидаттарын қалыптастыру және бизнестегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу тетіктерін түсіндіру болды.Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Айдын Нигметоллаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалының басшысы Ербол Байғазиев, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Жандарбек Азимханов сөз сөйледі.Спикерлер кәсіпкерлерге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы жан-жақты ақпарат беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндірді.

Сонымен қатар, бизнестегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың заманауи тәсілдері таныстырылып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында ашықтық, адалдық және іскерлік әдеп қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.Іс-шара соңында кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік органдар өкілдерінен жан-жақты жауап алды.Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы өңірдегі кәсіпкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға, олардың құқықтарын қорғауға және ашық әрі қолайлы бизнес-ортаны қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.


