shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында Әйелдер кәсіпкерлігі жөніндегі салааралық кеңес пен Әлеуметтік кәсіпкерлік кеңесінің қатысуымен Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі салалық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Іс-шараға өңірдің шағын және орта бизнес өкілдері, әлеуметтік кәсіпкерлер және кәсіпкер әйелдер қатысты.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті РММ басшысы Мерхат Сапарғалиев және «Nomad Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Жезқазған филиалының директоры Алма Байшуақова баяндама жасады.Отырыста «Қызметкерлерді міндетті сақтандыру: жалдамалы қызметкерлері бар ЖШС мен ЖК-нің міндеттері» тақырыбы талқыланды. Қатысушыларға қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру саласындағы қолданыстағы заңнама талаптары жан-жақты түсіндірілді. Спикерлер жұмыс берушілердің заң талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілігі, міндетті сақтандыру шарттарын жасасу тәртібі және осы талаптарды уақтылы орындаудың артықшылықтары туралы баяндады.Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық даму және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің жетекші сарапшысы Айнұр Мизамбаева кәсіпкерлерге арналған жаңа «Business GO» цифрлық платформасының таныстырылымын өткізді. Кездесу барысында платформаның мүмкіндіктері түсіндіріліп, оның кәсіпкерлерге мемлекеттік және сервистік қызметтерді онлайн форматта алуға, бизнесті жүргізуге қажетті цифрлық құралдарды пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде уақытты едәуір үнемдеуге мүмкіндік беретіні айтылды.

08:41