«МАРКЕТПЛЕЙС» БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОҚУ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен және облыс әкімдігінің қолдауымен «Кәсіпкер әйел» жобасы аясында өткен «Маркетплейс» бағыты бойынша оқу курсы өз мәресіне жетті. Бағдарламаны 25 қатысушы сәтті аяқтап, сертификаттарға ие болды.
Курс барысында тыңдаушылар маркетплейстерде жұмыс істеудің заманауи құралдарын меңгеріп, тауарларды тиімді ілгерілету, сатылым жүйесін құру, тұтынушылардың сұранысын зерделеу және нарық талаптарына сай бәсекеге қабілетті ұсыныстар әзірлеу жолдарын үйренді. Қатысушылармен өз тәжірибесі мен практикалық білімін курс спикері Альмира Құсманова бөлісті.Оқу бағдарламасы жаңадан кәсіп бастаған және өз ісін дамытып жүрген кәсіпкерлердің онлайн-сауда алаңдарында табысты жұмыс істеуіне қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталды. Нәтижесінде қатысушылар электрондық коммерция құралдарын тиімді пайдалану, сатылым көлемін арттыру және клиенттік базаны кеңейту бойынша маңызды білім алды.Курс түлектеріне кәсіпкерлік қызметінде толағай табыс, жаңа мүмкіндіктер мен электрондық коммерция саласында зор жетістіктер тілейміз.Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігі кәсіпкерлерді оқыту және олардың цифрлық құзыреттерін дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда. Бұл бастамалар өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына және заманауи бизнес құралдарын енгізуге ықпал етеді.





