shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

«КӘСІПКЕР ӘЙЕЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ: МАРКЕТПЛЕЙСТЕР АРҚЫЛЫ ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

«КӘСІПКЕР ӘЙЕЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ: МАРКЕТПЛЕЙСТЕР АРҚЫЛЫ ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

«Кәсіпкер әйел» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында «Маркетплейс» курсы бойынша оқу басталды.

Курстың спикері ретінде Астана қаласынан арнайы шақырылған сарапшы Әлмира Құсманова қатысуда. Ол қатысушылармен маркетплейстерде жұмыс істеудің заманауи құралдарын, онлайн-бизнесті табысты жүргізудің тиімді тәсілдерін және өз тәжірибесін бөлісуде. Оқу курсының ашылуымен қатысушыларды Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова құттықтады. Ол мұндай білім беру жобалары әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін ашуға, өз кәсібін құруға және дамытуға, сондай-ақ өңір экономикасының өркендеуіне үлес қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті.Аталған оқу курсы Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен және Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асырылуда

13:33