«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ МОБИЛОГРАФИЯ»
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында «Жасанды интеллект көмегімен мобилография» курсы тыңдаушыларының қорытынды тестілеуі өтті. Бұл жолы оқуды Сәтбаев қаласының қатысушылары аяқтап, курс барысында мобильді контент жасаудың заманауи құралдарын және жұмыс барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану тәсілдерін меңгерді.
Білім беру бағдарламасы әйелдер кәсіпкерлігі өкілдерінің цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған. Оқу барысында тыңдаушылар мобильді түсірілім негіздерін, бейнемонтаж жасауды, әлеуметтік желілерге арналған визуалды контент әзірлеуді меңгеріп, жұмыстың тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін жасанды интеллекттің заманауи сервистерімен танысты. Курс спикері, бизнес-коуч және «GZ центр» оқу орталығының негізін қалаушы Гүлнара Загированыӊ айтуынша, бүгінде мобилограф мамандығы мен жасанды интеллект құралдарын пайдалану цифрландырудың қарқынды дамуы жағдайында ең сұранысқа ие бағыттардың біріне айналып отыр.Тестілеу қорытындысы бойынша қатысушылар оқу барысында алған білімдерін сәтті көрсетті. Осындай білім беру жобалары әйел кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуда және ілгерілетуде жаңа цифрлық құралдарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.






