shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

Цифрлық технологиялар – әйелдер кәсіпкерлігін дамытудағы жаңа мүмкіндіктер

Цифрлық технологиялар – әйелдер кәсіпкерлігін дамытудағы жаңа мүмкіндіктер


   «Кәсіпкер әйел» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы мобилография бойынша оқу курсын аяқтаған 27 түлекке сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. 

Курс Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен және Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен әйел кәсіпкерлердің цифрлық құзыреттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Курстың спикері ретінде «gz.center» білім беру орталығының негізін қалаушы Гульнара Загирова және оның командасы дәріс өткізді. Оқу барысында қатысушылар әлеуметтік желілерде бизнесті ілгерілетудің заманауи құралдарын меңгеріп, сапалы фото және бейне контент жасауды, материалдарды өңдеуге арналған мобильді қосымшаларды пайдалануды, сондай-ақ жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдануды үйренді.

Курс түлектерін оқуын сәтті аяқтауымен Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова құттықтап, оларға сертификаттарын табыстады. Сонымен қатар, түлектерге алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолданып, кәсіптерін табысты дамытуға тілек білдірді.

– Бүгінде цифрлық технологиялар кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Мобилография мен жасанды интеллект бойынша меңгерген дағдыларыңыз бизнесті табысты дамытуға, жаңа клиенттер тартуға және нарықтағы өз орындарыңызды нығайтуға септігін тигізеді, – деді Гүлмира Изатуллақызы.

Курс түлектері ұйымдастырушыларға сапалы білім мен пайдалы тәжірибе бергені үшін алғыстарын білдірді. Әйел кәсіпкерлердің цифрлық дағдыларын дамыту олардың бизнес-жобаларының өркендеуіне ғана емес, өңір экономикасының дамуына да оң ықпал етеді.

15:16