shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

"ЖОҒАЛМАЙТЫН ЖҰЛДЫЗДАР" жобасы аясындағы кеш

Кеше, яғни, 2020 жылғы  30 желтоқсанда, Сәтбаев қаласындағы «Достық» Үйінде «Жоғалмайтын жұлдыздар» жобасы аясындаақын, жазушы, өлкетанушы, кен өндірісінің ардагері, Ұлытау ауданының Құрметтіазаматы  Қуаныш АХМЕТОВ пен  республикадағы тұңғыш отбасылық «Балалықшақ» үйінің негізін қалаушы педогог — ұстаз, "Құрмет" орденініңиегері  Мәруа Жарылғапқызы ҚҰЛЫШЕВА есімдерін ардақтауғаарналған кеш болып өтті.

«Жоғалмайтын жұлдыздар» жобасын «Сәтбаев қалалық ішкі саясатбөлімі» ММ әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Шындық» қоғамдықбірлестігі жүзеге асырды. Бұл жоба Кеншілер қаласында өткен жылы  бастау алған еді. Жобаның негізгі мақсатыеңбектері ел жадында қалған айтулы тұлғаларды өскелең ұрпаққа таныстыру, соларқылы жастарды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, т.т. жақсы істерге баулу.

Кеш Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Қосманқызы Төлендинаның жылылебізді құттықтауымен басталды.  Ол өзсөзінде аталған жобаның қажеттігін айрықша атап өтті.

— Бұл жобаның биыл екінші рет қолға алынуы оның өміршеңдігін айғақтайды-деді Айгүл Қосманқызы.

Бұдан соң жиналғандар Қуаныш Ахметовке арналған бейнероликті тамашалады.

Қазақстанның Құрметті металлургі, Қарағанды облысының және Жезқазғанқаласының Құрметті азаматы, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШСАрдагерлер Кеңесінің төрағасы Төлеген Бүкіров, Сәтбаев қаласының Құрметтіазаматы, ақын Зейнеп Әбілбекова Қуаныш Ахметов туралы естеліктерімен бөлісті.ҚР еңбек сіңірген артисі Ғалым Мұхамедин орындаған Тайжан Қалмағанбетовтің"Ұлытау", әнші Зоя Құндаққызы Иманбаева  шырқаған Қ.Ахметовтің сөзіне жазылғанкомпозитор Есқожа Сартовтың «Шырын қыз» әндері жас әншілер триосыныңорындауындағы композитор Марат Түсіпбековтің "Қаныштың қаласында"әніне жалғасты. Бұл әннің авторы — өндірістегі еңбек жолын Сәтбаев қаласындағыкен учаскелерінде бастаған Қуаныш Ахметов болатын.

Кешке Қуаныш ағаның ұлы Мұрат, немерелері арнайы келіп қатысты. Кешбарысында немересі Сұңқар атасының "Ұлытау" атты өлеңін мәнерлеп оқыпберді.

Мәруа Жарылғапқызы Құлышева! Аңыз -Ана, Ұлы педогог Жезқазған -Рудник поселкесіндегі балалар үйін республикада ең алғашқы болыпотбасылық типтегі «Балалық шақ» үйіне айналдырған  болатын. Ол балаларды, балалар оны шынайыжақсы көрді. «Балалық шақ» Үйінің тәрбиеленушілері МәруаЖарылғапқызының есімін әрқашан аса бір ыстық ілтипатпен еске алады. Бұл олтуралы дайындалған бейнероликте де анық байқалып тұрды. М.Құлышева атындағы қиын өмір жағдайындағы  балалардықолдау орталығының басшысы Ғазиз Қарлыбайұлы Жетібаев,  Мәруа Жарылғапқызының құшағының ыстығын сезіпөскен   Назгүл МұхамеджанқызыИскакова  ол кісі туралы тебіреніске толы сезімдеріменбөлісті.

Мәруа Жарылғапқызы өз тәрбиеленушілерімен ақырғы кездесулерінің бірінде «Маған „Құстар қайтыпбарады“ әнін айтып беріңдерші» деп өтінген екен. Мүмкін бұл олтыңдаған соңғы ән болған да шығар?!

Кеш шымылдығы да осы әнмен жабылды. Жас әншілер орындаған әнге кешкежиналғандардың қосыла кеткені тіпті тебіреністі болды. Өмірден өткенмен,көңілден кетпегендердің рухы мәңгі жасай берсін, әруақтары риза болсын!

00:08