shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

​Ұлытау облысында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті

​Ұлытау облысында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті

2026 жылғы 20 маусымда Ұлытау облысында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының өңірлік кезеңі өтті.

Іс-шараны Ұлытау облысының әкімдігі мен Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырды.Байқаудың өңірлік кезеңі отандық тауар өндірушілердің жетістіктерін көрсетуге, жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға және өңірде өндірілген өнімдерді насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды.Көрме-байқауға өз өнімдері мен қызметтерін ұсынған 80-нен астам кәсіпкерлік субъектісі қатысты. Қатысушылар қатарында өнеркәсіп саласының кәсіпорындары, жергілікті шикізаттан сүт өнімдерін өндірушілер, сондай-ақ былғарыдан, жүннен, киізден жасалған бұйымдарды, ұлттық киімдерді, кәдесый өнімдерін және халық тұтынатын тауарларды ұсынған қолөнер шеберлері болды.Көрме қатысушыларға өз өнімдерін таныстырып қана қоймай, тәжірибе алмасуға, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, ынтымақтастық перспективалары мен бизнесті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.«Қазақстанның үздік тауары» байқауы отандық бизнесті қолдаудың тиімді құралы болып табылады. Ол өнім сапасын арттыруға, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға және өткізу нарықтарын кеңейтуге ықпал етеді. Облыс тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірушілердің жетістіктерімен танысып, өздеріне ұнаған өнімдерді сатып алып, отандық бизнесті қолдауға мүмкіндік алды.Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» байқауының 9 жеңімпазы анықталды. Олар: «Ютария LTD» ЖШС, «Промтестплюс» ЖШС, «Руд сервис» ЖШС, «Жандос» ЖК, «Каби» ЖК, «Altyn Shanyrak» ЖК, «Жукенова» ЖК, «Даркенова» ЖК және «Qara Kush» ЖК.Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша финалистер республикалық кезеңге қатысу үшін Астана қаласына барып, Ұлытау облысының намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады.Осындай іс-шараларды өткізу отандық өндірушілерді қолдаудың, ауыл кәсіпкерлігін дамытудың маңыздылығын айқындап қана қоймай, өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға да ықпал етеді.

10:44