shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА «БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ТОП-20 ҚАТЫСУШЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА «БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ТОП-20 ҚАТЫСУШЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

20 маусым күні Ұлытау облысында жергілікті өндірісті дамытуға, өңірлік брендтерді ілгерілетуге және ауыл кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған «Бір ауыл – бір өнім» жобасының облыстық кезеңі өтті.
Іс-шараға облыстың барлық ауданынан келген тауар өндірушілер қатысып, жергілікті шикізаттан дайындалған өнімдердің кең ассортиментін ұсынды.Көрмеде сүт өнімдері, құрт, қымыз, саумал, сондай-ақ былғарыдан, киізден және жүннен жасалған бұйымдар қойылды. Жаңа өнімдердің қатарында келушілердің ерекше қызығушылығын сублимациялық кептіру технологиясы арқылы дайындалған, пайдалы қасиеттерін сақтауға және сақтау мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін жаңа сауылған бие сүтінен жасалған сублимацияланған саумал тудырды. Сонымен қатар Ұлытау ауданынан келген шебердің ірі қара малдың терісі мен сүйегінен жасаған авторлық инсталляциялары өзіндік ерекшелігімен және ұлттық нақышымен көпшіліктің назарын аударды.Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша «Бір ауыл – бір өнім» жобасының ТОП-20 қатысушысы анықталды. Келесі кезеңде олар өз жобаларын Өңірлік бренд комитетінің алдында қорғайды. Іріктеу нәтижесінде үздік он жоба таңдалып, республикалық кезеңде Ұлытау облысының атынан қатысатын болады.

12:39