Жезқазғанда жасанды интеллектті пайдалана отырып мобилография бойынша оқыту жалғасуда
Курс қатысушылары жасанды интеллектті пайдалана отырып мобилография курсы аясында бизнесті ілгерілетудің заманауи құралдарын меңгеруді жалғастыруда. Оқытудың спикері – бизнес-коуч, GZ оқу орталығының негізін қалаушы Гүлнара Загирова.
Сабақ барысында қатысушылар мобилографияның теориялық негіздерін ғана емес, сонымен қатар бейнетүсірілімнің практикалық дағдыларын да игеруде. Әсіресе пайдалы әрі сатылымға бағытталған Reels бейнероликтерін жасауға, бейнеконтент арқылы клиенттерді тарту тәсілдеріне, өнімнің бірегейлігін көрсетуге және медиакеңістікте жеке бренд қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.Курс тыңдаушылары бейнемен жұмыс істеудің заманауи құралдарын, жарнамалық түсірілімнің қыр-сырын, көшеде және жабық ғимараттарда түсірілім жүргізудің ерекшеліктерін зерделеуде. Өйткені сапалы бейнеконтент шығармашылық көзқарасты ғана емес, кәсіби білім мен тәжірибені де талап етеді.Оқу қатысушылары заманауи цифрлық әлемдегі ең өзекті бағыттардың бірі бойынша сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге мүмкіндік бергені үшін ұйымдастырушыларға – Ұлытау облысының әкімдігі мен Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасына алғыстарын білдіруде.








