shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

ӨҢІРЛІК КЕҢЕС: БИЗНЕСТІ ЖҮЙЕЛІ ҚОЛДАУ

ӨҢІРЛІК КЕҢЕС: БИЗНЕСТІ ЖҮЙЕЛІ ҚОЛДАУ

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында жаңа төраға Сәкен Шаяхметовтің қатысуымен Өңірлік кеңестің отырысы өтті. Кездесу барысында Палатаның негізгі қызмет бағыттары мен өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды.


 Жаңа төраға кеңес мүшелерімен танысып, кәсіпкерлер қауымдастығындағы жүйелі мәселелерді шешуде бизнес пен Кәсіпкерлер палатасы арасындағы сындарлы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.Күн тәртібі аясында Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасарлары Ғалымжан Сутбаев пен Маржан Жауен баяндама жасап, Палатаның ағымдағы қызметі, отандық тауар өндірушілер тізілімін дамыту және оны сүйемелдеу тетіктері жөнінде ақпарат берді.Отырыста жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, олардың ірі компаниялардың сатып алуларына қатысу үлесін арттыру және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, қатысушылар өңір кәсіпкерлері бүгінде бетпе-бет келіп отырған өзекті мәселелерді талқылады.Сонымен бірге, өңірде бірқатар құрылымдық мәселелер сақталуда. Атап айтқанда, халықтың көші-қоны, шағын және орта бизнестің тығыздығының төмендігі, білікті кадр тапшылығы, сондай-ақ өңірдің шалғай орналасуына байланысты логистика мен тауарлардың өзіндік құнының артуы өзекті болып отыр.Осындай жағдайда Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының рөлі айрықша маңызға ие. Негізгі бағыттардың қатарында отандық тауар өндірушілер тізілімін дамыту, сатып алуларды жергіліктендіру, өнеркәсіптік кооперацияны нығайту және шағын және орта бизнесті кешенді қолдау жұмыстары бар.Отырысты қорытындылаған Сәкен Шаяхметов бизнес мәселелерін шешуде кәсіпорындардың салалық ерекшеліктерін, қолданыстағы заңнамадағы өзгерістерді және өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, жүйелі тәсіл қалыптастыру қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, бірлескен әрі дәйекті жұмыс қана Ұлытау облысында кәсіпкерліктің тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.


09:19