WORLDSKILLS – 2026: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА КӘСІБИ ДАҒДЫЛАР ЖАРЫСЫ ӨТУДЕ
Ұлытау облысында «WorldSkills» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты аясында колледж студенттерінің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі құзыреттер бойынша жарыстар белсенді түрде өтуде.
Технология және сервис колледжіндегі «WorldSkills» комиссиясының төрайымы, Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Жаухар Тұрсынова дәнекерлеу ісі, шаштараз өнері, аспаздық және кондитерлік шеберлік сияқты бірқатар құзыреттер бойынша ұйымдастырылған жарыс алаңдарын аралады. Чемпионатқа тәуелсіз сарапшылар ретінде Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық кеңестерінің мүшелері және Палатаның өңірлік кеңесінің мүшелері де қатысты.Байқау барысында қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Студенттердің жұмыстары тәжірибелі тәлімгерлер мен педагогтердің қатаң бақылауымен өтті.Мұндай жарыстар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде маңызды рөл атқарады. Олар жастардың практикалық дағдыларын дамытуға ықпал етіп, таңдаған мамандыққа деген қызығушылығын арттырады және студенттерге өз құзыреті бойынша үздік атану үшін бақ сынауға мүмкіндік береді.Жаухар Тұрсынованың айтуынша, «WorldSkills» чемпионатын өткізу және Палатаның қызметі өңірдің кадрлық әлеуетін дамыту мақсатында колледждер мен кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.










