Жас суретшілердің шабыт әлемі
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының Әйелдер кәсіпкерлігінің салааралық кеңесінің мүшесі, «Өнер» академиясының негізін қалаушы Жібек Өмірханқызы жас суретшілердің бірегей көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеде Пабло Пикассо, Винсент Ван Гог және Әбілхан Қастеев сынды ұлы суретшілердің стилінде орындалған жұмыстар ұсынылды. Жас суретшілер белгілі техникаларды жай ғана қайталамай, оларды өзінше жаңаша ой елегінен өткізіп, жарқын туындылар жасайды.– Әрбір жұмыс – баланың өнер арқылы жеткізген өзіндік көзқарасы. Мұнда қиял, талант және үлкен еңбек үйлесім тапқан. Көрмеге қатысушылардың арасында республикалық деңгейдегі беделді байқауларға қатысқан балалар да бар, – дейді Жібек Өмірханқызы.Көрме қатысушыларын құттықтауға жас суретшілердің ата-аналары, кәсіпкерлер және қоғам өкілдері келді.Бұл жай ғана көрме емес – бұл ешбір көрерменді бейжай қалдырмайтын өнер әлеміне терең бойлау.









