shamshyraq.kz

Аймақтық тарихи-мәдени сайт

Региональный историко-культурный сайт

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарын өткізу тәртібі мен бағалау әдістемесіне арналған оқыту семинары өтті.

Семинар барысында республикалық конкурстарды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директор Мерей Исаева қатысушыларға конкурстарға қатысу кезеңдері, талаптары мен бағалау критерийлері туралы жан-жақты түсіндірді. Палата директоры Гульмира Каженова мұндай білімнің бизнестің республикалық деңгейдегі конкурстарға табысты қатысуы үшін маңызды екенін атап өтті.Сарапшы-аудитор Марина Анисимова сапа менеджменті жүйелері, өнім қауіпсіздігі, экологиялық менеджмент және еңбек қауіпсіздігі менеджментін енгізу мәселелері бойынша ақпарат берді.Сонымен қатар, кәсіпкерлер нормативтік құжаттарға қатысты сұрақтарын қойды.«ЛТК» конкурсына қатысу тәжірибесімен «Kosai KZ» ЖШС директоры Марғұлан Утешов бөлісті. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

17:09