Сәтбаев каласында "Әлеуметтік кәсіпкерлер" курсы сәтті аяқталды
Сәтбаев қаласында «Кәсіпке бағыт» бағдарламасы аясында «Әлеуметтік кәсіпкер» курсы аяқталды. Жоба Сәтбаев қаласының әкімдігі, қала әкімі Мұрат Бөрібаев және Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүзеге асырылды.
Курс барысында қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерліктің негіздерін, мемлекеттік қолдау тетіктерін және оның қоғамға әсерін бағалау тәсілдерін меңгерді. Оқу қорытындысы бойынша 26 түлекке сертификат табысталды. Курс олардың көпшілігі үшін халықтың әлеуметтік топтарын қолдауға бағытталған жеке бастамаларын жүзеге асыруға серпін берді. Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған оқытудың ерекшелігі – қатысушыларға жобаларын одан әрі дамыту мақсатында үш ай бойы сарапшылық сүйемелдеу көрсетіледі.Курс түлектерінің бірі –Ақбөкен Серік. Күрделі диагнозына қарамастан, қайсарлығымен ерекшеленетін ол көпшілікке үлгі. Сонымен қатар, ол ұйымдастырушыларға жаңа білім алып, оны қоғам игілігіне жарату мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.
Сәтбаев қаласының әкімі білім беру бастамаларын қолдайтынын атап өтті.
– Бұл халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және қаланың экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді, – деді Мұрат Бөрібаев.








