ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН-ТАЗА АТАМЕКЕНІМ"РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ҚОЛДАДЫ
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Төралқа төрағасы Қанат Шарлапаевтан және Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасынан қабылданған челлендж аясында «Таза Қазақстаным – Таза Атамекенім» республикалық экологиялық бастамасын қолдады.
Акция аясында Өңірлік кеңеспен бірлесіп, аумақ қоқыстан тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Өңірлік кеңестің төрағасы Сәкен Шаяхметов челленджді Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасына және өңір кәсіпкерлеріне жолдады.Мұндай бастамалар туған өлкенің тазалығын сақтауға ғана емес, кәсіпкерлер қауымдастығының әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға да ықпал етеді.










