Shamshyraq- ән-жыр күйтабағы
2019 жылы Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Абылайұлы Ыдырысовтың бастамасымен Жезқазған -Ұлытау аймағының зиялы қауымы, өнер адамдары бас қосып, кездесу өткізген еді. Сол кездесуде аймақтың әншілерінің, композиторларының шығармаларын топтастырып бір күйтабақ шығару жөнінде ұсыныс айтылған болатын. Бүгін Сәтбаев қаласындағы Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер Сарайында «Shamshyraq» — ән-жыр күйтабағының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Рәсімді қала әкімінің міндетін атқарушы Айгүл Қосманқызы Төлендина құттықтау сөз сөйлеп ашты. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғазиз Ештанаев аталмыш күйтабақтың маңыздылығына тоқталды. Белгілі әншілер Ғалым Мұхамедин, Береке Көшенов, Зоя Иманбаева, Айгүл Күлшікенова және т.б. күйтабаққа жазылған әндерді орындады. Мұнда барлығы 26 ән, жыр жазылған.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғазиз Ештанаевтің құттықтау лебізі.
Ән -«Сәтбаев -достықтың қаласы». Сөзі -Шынболат Ділдебаев.Әні: Жақсыкелді Сейілов.Орындайтын: Зоя Иманбаева
Ән -«Сәтбаев вальсі» Сөзі -Мәуия Бекмағанбетова. Әні: Нұрлан Кероімбеков. Орындайтын: Айгүл Күлшікенова.
Шынболат Ділдебаев. «Шындық» толғауы. Орындайтын автор.
Сөзі мен әні: Тайжан Қалмағанбетов. Орындайтын: Ғалым Мұхамедин.
Ән - "Ұлытау". Сөзі: Сайлаухан Нәкенов. Әні: Жақсыкелді Сейілов. Орындайтын: Береке Көшенов
Ән -"Ұлвр, ұлар, ұлар құс..." Сөзі: Мұса Тілеуов. Әні: Қайрат Баекенов. Орындайтын: Қайрат Баекенов.
Ән — "Қаныштың қаласында". Сөзі: Қуаныш Ахметов. Әні: Мәжит Тоғайбеков. Орындайтын: Зәуреш Омарова.
Ән -«Жезкиік» Сөзі: Кәкімбек Салықов. Әні: Жақсыкелді Сейілов. Орындайтын: Қайрат Әбеуов.