Шығармашылыққа шабыттандыратын мамандық
Жезқазған қаласындағы технология және сервис колледжінде «Шаштараз ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге арналған қонақ дәрісі өтті. Іс-шараны Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының Адами капиталын дамыту бөлімі ұйымдастырып, кәсіби мамандар мен болашақ мамандар арасындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.Кездесудің спикері ретінде колледждің әлеуметтік серіктесі, «» салонының шаштараз-стилисті Наталья шақырылды. Ол студенттермен өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, мамандықтағы қалыптасу жолы туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Дәріс барысында спикер шаштараз өнеріне қалай келгенін, еңбек жолының алғашқы кезеңінде кездескен қиындықтар мен оларды еңсеру жолдарын баяндап берді.Спикердің айтуынша, шаштараз ісі — тек сұранысқа ие мамандық қана емес, сонымен қатар шығармашылықты, шыдамдылықты және үздіксіз ізденісті талап ететін сала.— Шаштараз ісі — өте қызықты мамандық. Ол шығармашылық пен табандылықты талап етеді. Тек техникалық білім ғана емес, мамандыққа деген сүйіспеншілік те қажет. Сонымен қатар клиенттердің сұранысын және шаш сәніндегі жаңа үрдістерді ескеріп отыруымыз керек, — деп атап өтті Наталья.Студенттер спикердің сөзін үлкен қызығушылықпен тыңдап, ерлер мен әйелдерге арналған шаш қиюдың заманауи әдістері, сондай-ақ кәсіби шеберліктің қыр-сыры жөнінде сауалдар қойды. Еркін форматтағы диалог олардың тәжірибелік білімін толықтырып, болашақ мамандықтың қыр-сырын тереңірек түсінуге жол ашты.Кездесу соңында студенттер мазмұнды әрі шабыттандыратын дәрісі үшін спикерге алғыс білдіріп, оның тәжірибелік маңыздылығы мен өзектілігін ерекше атап өтті.Мұндай іс-шаралар жастардың кәсіби дағдыларын дамытуға, колледж, «Атамекен» палатасы және әлеуметтік серіктестер арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ студенттердің кәсіби тұрғыда қалыптасуына оң ықпал етеді




